Тағы 72 пайызы діни мерекелерді үнемі тойлаймыз деп жауап берген
Қазақстандықтардың 86 пайызы өзін діндар санайды. Тағы 72 пайызы діни мерекелерді тойлайды. Сауалнамаға қатысқандардың 41 пайызы үнемі дұға оқимыз десе, тағы 27 пайызы тұрақты түрде мешітке барып тұратындарын айтқан. Бұл туралы президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Айгүл Забированың мақаласында жазылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстандықтардың сексен алты пайызы өзін діндар деп санайды. Бұл көрсеткіштің өзінен көп нәрсені аңғарамыз: діни бірегейлік жаппай нормаға айналып келеді. Бірақ әлеуметтану алғашқы көрсеткішпен шектеліп қана қоймайды. Келесі сұрақ: адамдар өз дінін нақты қалай ұстанады? Міне, осы тұста көрініс алғаш байқалғаннан әлдеқайда ауқымды болып шықты», - деген ол сауалнама қорытындысын ұсынған.
Айгүл Забированың жазуынша, сауалнама мынандай көрініс ұсынған:
«Бұл көрсеткіштер біріне-бірі қайшы емес. Олар діни өмірдің әртүрлі деңгейлерін сипаттайды, әрі олардың әрқайсысының өз мәні мен өз қызметі бар», - деп жазады автор.
Автордың бұл зерттеуіне қатысты толық мәтінді институттың ресми сайтынан оқи аласыздар.