Бүгінде елордада күн едәуір жылыған
Астана әкімдігі қаладағы үйлерге жылу беру маусымын тоқтатты. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, жылу беру маусымы 2026 жылдың 22 сәуірі күні ресми түрде тоқтады. Бұнығ себебі – әрине күн райының жылынуы.
«Ал, қаладағы денсаулық сақтау, білім беру мәдениет және өзге де әлеуметтік нысандардағы жылу кезең-кезеңімен өшеді», - деп хабарлайды әкімдік.