«Ұйықтап жатқанда, апокалипсис келіп қалыпты»: ШҚО мен Қарағанды облысында қалың қар жауды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Халық күннің суытқанын әзілге айналдырып жатыр

Фото: скриншот

Бүгін, 16 сәуірге қараған түні Қазақстанның шығысы мен орталығына қар жауған. Халық желіге әртүрлі видео жүктеп, сәуірдің ортасында жауған қарды қалжыңға айналдырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданында қалың қар жолды жауып, оны арнайы техника тазартып жатыр. Ал, Теміртау қаласының тұрғындары  «Ұйықтап жатқанда, апокалипсис келіп қалыпты» деген әзіл-шыны аралас видео таратқан.

Бұған дейін хабарлағынымыздай, бірнеше күнде Қазақстанда ауа температурасы  -18 градусқа дейін суытып, қар аралас жаңбыр жауады деген болжам бар.