17.07.2020, 17:50
Қоғам
Павлодарда басқарма басшыларының бірі бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді
Жемқорлыққа қарсы агенттік нақты қай басқарма басшысы екенін ашып жарияламады
фото: Батыржан Беспаев
Павлодар облысы әкімдігі басқармаларының бірінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жалпы сомасы 2,6 млн теңге болатын мердігердің іс жүзінде орындалмаған жұмыстардың атқарылуы туралы жалған актісіне қол қою арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша облыс әкімдігі басқармаларының бірінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады», - делінген агенттік хабарламасында.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды.
Көп оқылған
27.08.2026, 17:55
«Бұқаңмен қосып піштіремін»: Ақтөбедегі танымал әдебиетші - ғалым малшыны аямай сабаған (ВИДЕО)
27.08.2026, 07:39
27 тамызда елімізде жаңбыр жауып, күн ыстық болады
27.08.2026, 17:50
«Коттедж пен цехтарда сабақ берген»: Қазақстандағы жекеменшік мектептердің былығы әшкере болды
27.08.2026, 12:54
Қостанай облысында 16 жұмысшы қаза тапты: олардың өлімі неге есепке алынбай қалған
28.08.2026, 00:29
МӘМС жүйесінде 4 млрд теңгенің негізсіз төлемі төленбей тұрып анықталды