$ 526.81  542.72  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.07.2020, 15:33
Қоғам

Қазақстанда жарты жылда 3327 адам пневмониядан көз жұмды

Бұл ауру әсіресе, маусым айынан бері көп тіркеліп отыр

Қазақстанда жарты жылда 3327 адам пневмониядан көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

2020 жылдың жарты жылында Қазақстанда 3 327 адам пневмониядан көз жұмды. Өткен жылмен салыстырғанда, биыл маусым айында пневмониядан болған өлім-жітім саны көбейген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

«Бүгін, қатаң карантиннің 12-інші күнінде аурудың 14 күндік инкубациялық кезеңі үзілген жоқ. Қазір ауырып жатқан науқастардың барлығы карантин енгізілмей тұрып вирус жұқтырған. Ал, жыл басынан бері елімізде 3 327 адам пневмониядан көз жұмды. Былтыр осы уақытта 1 896 адамның өлімі тіркелген еді», - деді Цой.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы пневмониямен ауырғандар бойынша жағдайды зерттеу үшін қажетті мәлімет Германияға жіберілетінін айтты.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары