Депутат негізгі қызметінен тыс уақытта университетте сабақ береді
Парламент мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов бір топ оқушыны ертіп, оларға Парламенттің ғимаратын көрсеткен, деп жазады Azattyq Rýhy.
Оқушыларды видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіге жүктеген депутат бұл оқушылар ауыл мектебенің үздіктері екенін жазған.
«Бүгін Мәжіліске ерекше қонақтар келді - мен білім алған туған ауылымның мектебінен үздік оқушылар мен мектеп парламентінің белсенділері келді. Парламенттегі экскурсия, Жалпы отырыс залындағы депутаттық креслолар және Мәжіліс асханасындағы түскі ас. Оқушылар үш іргелі оқу орнына барды: Назарбаев Университеті, Нәрікбаев Университеті және Coventry University. Барлық жерде оқуға түсу мүмкіндіктері мен жағдайлары туралы толық ақпарат алды. Coventry-де тіпті кофе-брейк болды. Оларға қарап отырып: «осы балалардың бірі ертең депутат болып, бірі Үкімет мүшесі болып осында оралар, ал енді бірі журналист болып сұрақ қояр» деп ой түйдім», - деп жазған депутат.
Ал, видеодағы оқушылар мәз-мейрам күйде бірнеше университетке барғандарын, қазір Парламенттен шыққан соң Ұлттық музейге баратындарын айтып, депутаттың оқырмандарына сәлем жолдаған.