50 мың теңге алу үшін ЕСП төлеу керек деген ақпарат жалған – Еңбек министрлігі

Автор: Azattyq Rýhy

Жауапты министрлік жалған ақпарат таратушылардың заң бойынша жазаланатынын еске салады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мессенджерлерде 50 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындау үшін екінші деңгейдегі банктердің әртүрлі шоттары арқылы бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеуді жүзеге асыру қажеттілігі туралы таратылған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінінін хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстанда БЖТ-ны міндетті түрде аударуға «байланыстырылған» жәрдемақылар, төлемдер жоқ.

«Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуын сұраймыз. Жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске саламыз», - деп хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, карантин режиміне байланысты табысынан айырылған азаматтарға берілетін 42 500 теңге көлеміндегі бір реттік әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беру 17 шілдеден басталды.