Қазақстанда пилотсыз автомобильдер жобасы іске қосылады

Автор: Нұргүл Абай

Сонымен қатар дрон арқылы жеткізу қызметі пайда болады

Фотоколлаж: ЖИ арқылы жасалған, Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев елімізде пилотсыз технологияларды дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстанда халықаралық технологиялық компаниялардың қатысуымен пилотсыз автомобильдер бойынша эксперименттік жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру мерзімі – 2026 жылдың екінші тоқсаны. Бұдан бөлек, жеке бастама аясында дрон арқылы жеткізу қызметін енгізу жөніндегі пилоттық жоба жүзеге асырылуда»,- деді Мәдиев Үкімет отырысында.

Министр осы бастамалар қалалық мобильділік пен логистиканың жаңа модельдерін сынақтан өткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Тегтер: