Дәрі бағасын көтерген дәріханаларға шағымды қайда түсіруге болады?

Автор: Azattyq Rýhy

Дәрі бағасын негізсіз көтерген дәріханаларға кез келген азамат шағым түсіре алады

Фото: ашық дерек көздерінен

Егер қандай да бір дәрі бағасының қымбаттағанын байқасаңыз, өзіңіз тұратын аймақтағы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін  бақылау комитетіне хабарласуыңыз қажет.

Бұл туралы Орталық Коммуникациялар алаңында өткен брифингте Заңға тәуелді актілер департаментінің директоры  Арман Шоқанұлы мәлім етті.

«Дәрі бағасын дәріханаларда қымбат бағамен сатқандар әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 426-бабы бойынша жазаланады. Бұл іспен Денсаулық сақтау министрлігі және Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті айналысады. Ондай фактілер бола қалса, азаматтар аталған комитетке немесе оның аймақтағы бөлімшелерімен арнайы колл-орталықтарға хабарласулары тиіс», -  деді Заңға тәуелді актілер департаментінің директоры  Арман Шоқанұлы.

Сондай-ақ, департамент директоры той, туған күнді үйінің ауласында атап өтетіндерге қандай жаза қолданылатынын айтты.

«Үйінің ауласында той, туған күн немесе ас өткізушілерӘкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 426-бабымен жазаланады. Бірінші рет айыппұл көлемі 83 мың теңге төңірегінде болады. Ал егер мұндай іс-шаралардың нәтижесінде, коронавирус жұқтырушылар саны көп болса, айыппұл көлемі де көбейеді. Негативті жағдай одан ары ушығатын болса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады», - деді маман.

Айжан Қалиева, Алматы