Жерлейтін орын қалмай барады
Әлеуметтік желіде бірнеше аптада кенет лық толған қорымдардың видеосы қызу талқыға түсті. Көңіл жабырқатар көріністі көпшілік коронавируспен байланыстырады. Жерлеу рәсімімен айналысатын орталықтар да тапсырыстың бірден үш есеге артқанын айтып отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Алматыдағы жерлеу рәсімімен айналысатын орталықтың бірі қазір күніне орташа есеппен, 80 адамды соңғы сапарға аттандырамыз деп отыр. Бұрын бұл көрсеткіш екі жарым есе аз болған екен.
«Мысалы, бұрын күніне 27 -28 адам қайтыс болса, қазір күніне 80 адамнан көз жұмуда. Бұрын арнайы қорым, бөлек зират болған. Қазір кез келген зиратқа қойып жатырмыз. Ахуал ауыр», - деді Жерлеу рәсімі орталығының өкілі Марат Исмаилов.