$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.07.2020, 11:43
Қоғам

Шалғайдағы мектеп оқушылары қашықтан оқымайды – Білім министрі

Өткен оқу жылының соңын қазақстандық оқушылар үйден оқыды

Шалғайдағы мектеп оқушылары қашықтан оқымайды – Білім министрі

Бүгін Үкімет отырысында еліміздегі мектеп оқушыларының бірінші тоқсанда қашықтан оқитыны туралы айтылған болатын. Артынша Орталық коммуникациялар алаңында брифинг өткізген Білім министрі Асхат Аймағамбетов бұл шешімнің шалғайдағы ауыл мектептеріне қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

«Қашықтан оқытуды енгіземіз деп айтқанымызбен, шалғайдағы шағын жинақты, бір сыныпта 5-10 бала оқитын мектептер бар. Осындай қауіп жоқ өңірлерде орналасқан мектептерде штатты режимде жұмысты жалғастыруға рұқсат беріп отырмыз», - деді министр.

Ал, қалған мектептердің бәрінде балалар бірінші тоқсанда үйде отырып оқиды.

«Жыл сайын күз мезгілінде балалардың 70% тұмаумен ауырады. Сол себепті, дәрігерлер мен педагогтер ақылдаса отырып, жаңа оқу жылын онлайн форматта өткізуге шешім қабылдадық. Бірінші тоқсанда 1-11 сынып аралығындағы барлық оқушылар қашықтан оқитын болады. Осы уақыт аралығында эпидемиологиялық жағдай өзгеретін болса, біз дәстүрлі форматтағы оқу нұсқасына көшеміз»,- деді Аймағамбетов.

Айжан Қалиева, Алматы

Серіктес жаңалықтары