Жігіт қызға сезімін білдірген
Астанадағы референдум учаскелерінің бірінде жас жігіт сүйген қызына сезімін білдіріп, үйлену туралы ұсыныс жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қаласының Коммуникациялар қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, жігіт сүйіктісін референдум учаскесінің алдында күтіп тұрып, ұсыныс жасаған.
Қала тұрғындары жастарға бақыт тілеп, оларды суретке түсірген. Жастар дәл референдум күні маңызды шешім қабылдап, болашаққа бірге қадам баспақ екенін айтқан.