Құтқарушылар жолға шыққан азаматтарды сақтыққа шақырды
Бүгін Қазақстанның кейбір облыстарында жел күшейіп, арты шаңды дауылға ұласады. Ал, кейбір аймақтарында тұман түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бүгін, 15 наурыз күні Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жамбыл облыстарында қатты жел соғып, арты шаңды дауылға ұласады.
Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Қостанай, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында тұман түссе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында көктайғақ орнап, жауын-шашын жауады деген болжам бар. ТЖМ азаматтарға жолға шығарда сақтыққа шақырды.