Оқу-ағарту министрлігі ресми кестені ұсынды
Биыл, 2025-2026 жылғы оқу жылының ІІІ тоқсанында Қазақстандағы мектеп оқушылары 11 күн демалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтында хабарланған.
«Қазақстандағы оқушылар 19-29 наурыз аралығында 11 күн демалады. Олардың бос уақытын мазмұнды өткізу мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған арнайы іс-шаралар кешенін өткізу жоспарланған», - деп хабарлайды министрлік.
Наурыз мерекесіне орай, министрлік көктемгі каникул кезінде «Наурызнама» онкүндігімен үйлесім тауып, отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді дәріптемек.