Қазақстанда «улы жаңбыр» жаууы мүмкін бе – министрдің жауабы

Автор: Нұргүл Абай

Орталық Азияға Ираннан «улы бұлттар» жетпейді дейді ол

Фото: freepik.com

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанға «улы жаңбыр» қаупі төніп тұрмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Орталық Азияда қышқылды жаңбыр жауады деген қауіп жоқ. Қазгидрометтен хабарлағандай, бізде алдағы апталарда желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады», - деді Нысанбаев Мәжіліс кулуарында.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Иран аумағының үстінде «улы бұлттар» түзілгені және олар Орталық Азия елдеріне жетуі мүмкін деген ақпарат тараған. «Улы жаңбыр» көбіне өнеркәсіп, энергетика және көлік көздерінен шығатын күкірт пен азот оксидтерінен пайда болады және әдетте ластанған аймақтарға жақын түседі.