Дегенмен, сараптама қорытындысы әлі шықпаған
Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяның зауытында болған өрттен қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, іздеу жұмыстары кезінде адамның сүйектері табылған.
«Олар сараптамаға жолданды. Қазіргі уақытта сараптама нәтижесі әлі шыққан жоқ. Корея тарапынан ақпарат түскен бойда, біздің азаматтың туыстарына хабар беріледі», - деді ол брифингте.
Естеріңізге салайық, ақпан айының басында Оңтүстік Кореяда зауыттан ірі өрт шығып, шетелдік жұмысшылар жоғалып кеткені хабарланған, арасында Қазақстан азаматы да болған.