Жағдай тұрақталғанша, сапарды кейінге қалдырған дұрыс дейді ведомстводағылар
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты азаматтарды бірнеше елге бармауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Таяу Шығыстағы әскери іс-қимылдардың жалғасуына, сондай-ақ көптеген елдің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына белсенді әскери іс-қимылдар толығымен тоқтап, жағдай тұрақтанғанға дейін мына елдерге барудан бас тартуды қатаң түрде ұсынады», - деді СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев брифингте.
Олар:
«Осы өңірде жүрген Қазақстан азаматтарын жеке қауіпсіздік шараларын күшейтуге, қауіпті аудандарға бармауға, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауға, зымыран қаупі туындаса дереу паналау орындарына баруға, сондай-ақ Қазақстанның шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушылармен тұрақты байланыста болуға шақырамыз», — деді ол.
Жетібаевтың айтуынша, Сыртқы істер министрлігінің бұған дейінгі ескертулеріне қарамастан, кейбір адамдар Таяу Шығыс елдеріне баруға әрекеттеніп жүр. Ол жағдай толық тұрақтанғанға дейін мұндай сапарларды жоспарлаудан бас тарту керек деп санайды.