Бұйрықта бұндай шешімнің себебі жазылмаған
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2026 жылдың 23 ақпандағы бұйрығына сай, Қазақстанда енді «Стрептоцид» дәрісі сатылмайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұйрықта жазылғандай, салмағы 300 миллиграмм, бір қорабында 10 таблетка бар «Стрептоцид» дәрісін қолдануға тыйым салынған. Бұйрыққа сай, енді дәрі айналымнан толық алынады.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда Қазақстанда тағы бір дәрі айналымнан алынған еді.