Екпе алмаған балаға ауру 100 пайыз жұғады
Астанада Жаңа жылдан бері қызылшаға қатысты 1470 шақырту түскен. Оның ішінде 997 адамнан ауру расталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, бүгін Астанада қызылша ауруының таралуына қатысты отырыс өткен. Сондағы мәліметке сүйенсек, жыл басынан 19 ақпанға дейін қызылша бойынша 1470 бастапқы шұғыл хабарлама тіркелді, оның ішінде 997 адамнан қызылша расталған. Олардың көбі – балалар.
Отырысқа қатысқан дәрігерлер қызылшамен ауырған әрбір адам орта есеппен 12-18 адамға ауру жұқтырады. Егер бала екпе алмаған болса, ауру 100% жұғады.
Дәрігерлердің дабыл қағып отырғаны, қызылшамен ауырғаннан кейін иммундық жүйе уақытша басқа вирустар мен бактерияларға қарсы күресе алмай қалады. Бұл аурудан айыққан адамдар бірнеше ай бойы түрлі инфекцияларға осал болады.
«Қызылшаның асқынған түрі өкпенің қабынуы, есту қабілетінің бұзылуы, энцефалитпен қатар жүруі мүмкін. Ауыр жағдайларда инфекция мүгедектікке немесе өлімге әкелуі ықтимал», - деп дабыл қаққан дәрігерлер.