«Келісі 3-4 мың теңге»: ауыл шаруашылығы министрі еттің нақты бағасын атады

Автор: Нұргүл Абай

Шенеунік еттің экспорттық және ішкі бағаларын салыстырды

Фото: istockphoto.com

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бір фермердің сиыр етінің нақты бағасы 10-12 мың теңге болуы керек деген пікіріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында журналистер министрден еттің нақты бағасы қанша болуы керек екенін сұрады.

«Фермерлер мал шаруашылығын жоғары қарқынмен дамыту үшін жоспар құрады. Сол себепті бұл жерде олар 10-12 мың теңге деп экспорттық бағаны айтып отыр. Бүгінде экспорттық баға еттің санатына қарай 4,5-6 мың теңге аралығында. Ал ішкі нарықта тірі салмақтағы бағасы 1,6-1,8 мың теңге аралығында. Бір жылдары тіпті екі мың теңгеге дейін жеткен. Орташа есеппен қазір 1,7 мың теңге. Мұны етке шаққанда 3-4 мың теңге болады», – деп жауап берді Сапаров.