Бюллетеньде бір ғана сұрақ қойылған
Орталық сайлау комиссиясы жаңа Конституцияның жобасы бойынша республикалық референдумда дауыс беруге арналған бюллетеньнің нысаны мен мәтінін бекітті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан азаматтары бюллетеньдегі бір ғана сұраққа жауап береді:
«Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?»
Екі жауап нұсқасы ұсынылған:
Бюллетеньдер қазақ және орыс тілдерінде басылады. Республикалық референдумда 12 миллионнан астам азамат дауыс беруге құқылы.
Естеріңізге салайық, 15 наурызда өтетін референдумда Қазақстан халқы жаңа Конституция үшін дауыс береді.