«Нипах вирусы тараған елдерге бармаңыздар»: комитет қазақстандықтарға ескерту жасады

Автор: Бақыт Шынар

Вирус Үндістанда таралып жатыр

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қазақстандықтарға ескерту жасап, Нипах вирусы тарап жатқан елдерге барудан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Комитеттің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір Үндістандағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты Қазақстанның мемлекеттік шекарасында тексеру күшейген.

«Сондай-ақ комитет Нипах вирусы тараған елдерге бармай-ақ қоюға кеңес береді», - деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі де осы вирусқа қатысты мәлімдеме таратқан еді.