Ол енді өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды
Жетісу облысы Алакөл ауданы әкімінің орынбасары 189 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 5 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жетісу облысының прокуратурасы хабарлағандай, аудандағы Арқалы ауылына электр желісі тартылып, ескісі жаңаруы керек болатын.
«Осы кезде аудан әкімінің орынбасары өкілеттігін асыра пайдаланып, шын мәнінде электр желісі тартылмаса да жалған актіге қол қойған. Бюджеттің 189 млн теңгесі орындалмаған жұмыс үшін төленген», - деп хабарлайды прокуратура.
Прокурор аудан әкімінің орынбасары осы қылмысты жасады деген күдікке ілінген. Прокурор оның кінәсін дәлелдеген.
«Алакөл ауданының соты аудан әкімінің орынбасарын мүлкін тәркілемей 5 жылға соттады. Ол сондай-ақ мемлекеттік қызметте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды», - деп хабарлайды прокуратура.