Есірткіден ақша тапқан қылмыскердің ғана емес, туыстарының да мүлкін тәркілеу керек – Тоқаев

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы Тоқаев бүгін Қаржы мониторинг агенттігіндегі жиында айтқан

Фото: istockphoto.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қаржы мониторинг агенттігіндегі жиын кезінде есірткі бизнесінен пайда тапқан қылмыскерлердің мүлкін тәркілеуге қатысты жаңа ұсыныс айтты, деп хабарлайды

Дәлірек айтсақ, Тоқаев заңды тұлғалардың күмәнді табыстарды заңдастыруына қатысты жазаны күшейтуді тапсырды.

«Есірткі бизнесімен күресті күшейту қажет. Өкінішке қарай, қазір есірткі саудасынан түскен табысты тексеру жұмысының тиімділігі төмен. Қылмыскерлердің заңсыз жолмен тапқан жеке мүлкімен қатар, басқа адамдардың атына рәсімдеген мүлкі де мемлекетке қайтарылуға тиіс. Қысқасы, қылмыстық жолмен иемденген мүліктің бәрін тәркілеу мәселесін мұқият пысықтаған жөн. Заңды тұлғалардың күмәнді табыстарды заңдастыруына қатысты жазаны күшейту керек. Бұл қадам халықаралық стандарттарға толық сай келеді», – деді Тоқаев.