Былтыр қазақстандықтар 3 мың жетімді асырап алған - ресми дерек

Автор: Бақыт Шынар

Жалпы, еліміздегі 20,7 мың жетім бала асырап алған отбасыларда жүр

Фото: istockphoto.com

Былтыр қазақстандықтар 3 мың жетім баланы асырап алған. Бұл туралы бүгін оқу-ағарту минстрлігінің баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды 

Министрлік сол арқылы жетім балалардың саны былтыр тағы да екі есеге азайды дейді.

 «Қазір елімізде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 20 798 бала бар, олардың 82% отбасыларда тәрбиеленіп жатыр. Былтыр отбасылар 3 мың жетім баланы асырап алған. Сол арқылы елдегі жетім балалардың саны екі есеге азайды», - деп хабарлайды министрлік.