Бұл жарна 2024 жылдың 1 қаңтарынан бері пайда болған
Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс беруші өз қызметкерлері үшін міндетті зейнетақы жарнасын төлейді. Айта кетейік, компаниялар бұр жарнаны 1975 жылдың 1 қаңтарынан кейін туған адамдар үшін ғана төлеуге міндетті, деп жазады Azattyq Rýhy.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, былтыр жұмыс берушілер 5 514 050 жұмысшының зейнетақы қорындағы шотына 760 млрд теңге сомасына міндетті зейнетақы жарнасын аударған.
Бұл жарнаның мөлшері жұмысшының жалақысынан 1,5%, 2025 жылы – 2,5%, 2026 жылы - 3,5% болады. Кейін, 2028 жылы жарнаның көлемі 5% жетеді деген жоспар бар.