Олардың 40-на өкпені жасанды желдету құрылғысы жетпей қалған
Нұр-Сұлтанда коронавируспен күресу үшін қосымша медициналық жабдықтар алынуда. Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың мәліметінше, бүгінгі таңда ауыр жағдайдағы 40 науқасқа өкпені жасанды желдету аппараты қажет.
«Бүгінгі таңда 180-ге жуық адам ауыр жағдайда жатыр. Олардың ішінде 40 науқасқа өкпені жасанды желдету аппараты жетпеуде. Аталған мәселені шешу үшін жергілікті әкімдік бюджетінен 200 дана өкпені жасанды желдету аппаратына, 500 оттегі концентратына және оған қажет 500 флоуметр мен 2 компьютерлік томографияға да тапсырыс берілді. Бүгінгі таңда 14 өкпені жасанды желдету аппараты келді», - деді ол.
Еске салайық, соңғы дерек бойынша Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясынан 61 науқас көз жұмды.
Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан