20.01.2026, 12:31
Қоғам
Былтыр Қазақстанда 53 мың адам инсульт алған
Дәрігерлер инсульттан кейін аман қалатын науқастардың саны көбейгеніне қуанып отыр
Фото: istockphoto.com
Денсаулық сақтау министрлігі былтыр инсульттан кейін емделіп шыққан адамдардың статистикасын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының инсульт бөлімшесінің дәрігерлері былтыр ми қан айналымы бұзылған 53 мыңнан астам пациентті емдеген.
«Инсульт - мүгедектік пен өлімнің негізгі себептерінің бірі. Сондықтан, консультация көмегін дамыту және оның қолжетімділігін арттыру біз үшін басымдық болып қала береді», - дейді дәрігерлер.
Осылайша, соңғы статистикаға сүйенсек, былтыр:
- 55 мың адамның миына қан шапқан.
- Оның ішінде, 10 мың адамда геморрагиялық инсульт
- Тағы 41 мың адамда ишемиялық инсульт тіркелген.
Дәрігерлер инсульттан айығып шығатын халықтың саны артып отырғанын мәлімдеді.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды