13.01.2026, 15:59
Қоғам
Астанада бөтелкемен аялдаманың әйнегін сындырған ер адамға сот шешімі шықты
Ол мас болған
Фото: istockphoto.com
Астанада бір апта бұрын аялдаманың әйнегін әдейі сындырған ер адам екі аптаға әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 2026 жылғы 6 қаңтарда елордадағы «Шабыт» аялдамасында болған. Мас ер адам бөтелкемен аялдама павильоны есігінің әйнегін сындырып, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірген. Оның әрекеті сол жердегі бейнекамераға түсіп қалған.
Сотта ер адам өз кінәсін мойындады.
Осылайша сот қаулысымен ол ӘҚБтК 147-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Көп оқылған
21.07.2026, 15:34
Аргентина құрамасын әлем чемпионаттарынан мәңгіге шеттетуді 23 млн адам талап етті
21.07.2026, 15:46
«Әскерде командирім зорлады»: Threads-те аянышты жазба жариялап, ақша жинаған жас жігіт сотталып кетті (ВИДЕО)
21.07.2026, 17:43
«Қураған шөпті тұтатпақ болған»: Семейде алты жасар бала аулада тұрған көлікті өртеп жіберді
21.07.2026, 16:29
Атырауда қолжуғыштан жылан шықты: видео желіде қызу талқыланып жатыр
21.07.2026, 17:15
Астанада жүк көлігі жеті көлікті соғып, аударылып қалды (ВИДЕО)