Биыл олар өз қызметкерлері үшін 3,5% төлейді
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының мөлшері ұлғайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының мөлшерлемесі қызметкер табысынан 3,5%-ға дейін ұлғайтылды», - деп мәлімдеді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры.
Айта кетері, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы жыл сайын кезең-кезеңмен өсіп келеді. Дәлірек айтқанда, 2024 жылы – 1,5%, 2025 жылы – 2,5%, 2026 жылы – 3,5%, 2027 жылы – 4,5%, 2028 жылы 5 пайызға жетеді.
Естеріңізге салайық, 2024 жылдан бері барлық жұмыс беруші өз қызметкерлерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын аударады.
Жұмыс берушілер 1975 жылы және одан кейін туған азаматтарға ғана зейнетақы жарнасын төлейді. Себебі бұл санаттағы азаматтардың ынтымақты зейнетақы алу үшін маңызы зор 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі жоқ немесе мүлде аз. Болашақта олардың зейнетақысы үш құрамдас бөліктен тұрады: мемлекеттен төленетін базалық зейнетақы, қызметкердің міндетті зейнетақы жарналары есебінен құралған жинақтаушы зейнетақы және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасатын шартты-жинақтаушы зейнетақы, деп түсіндірді БЖЗҚ.
Ал 1975 жылғы 1 қаңтарға дейін туған адамдар, зейнет жасына толған азаматтар, мерзімсіз уақытқа I және II топтағы мүгедектік белгіленген адамдар, әскери қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар үшін жұмыс берушілер зейнетақы жарналарын аудармайды.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеу қай кезде тоқтайды:
Мұндай жағдайда азамат тек өзінің жеке зейнетақы шотында жинақталған ақшасын ғана ала алады. Ал жұмыс беруші аударған зейнетақы жарналары БЖЗҚ-да қалады. Себебі бұл қаражат салымшының жеке меншігі болып саналмайды және шартты зейнетақы шоттарына есептеледі. Сәйкесінше, ЖМЗЖ есебінен қалыптасқан жинақтар мұраға қалмайды.