Ауыл халқының 96 пайызы орталық су жүйесімен қамтылған
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов президенттің халықты 2025 жылдың соңына дейін ауыз сумен қамтамасыз ету туралы тапсырмасы толық орындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, 2021 жылы бюджеттен шамамен 835 миллиард теңге (қалаларға – 314 млрд, ауылдарға – 521 млрд), оның ішінде арнай мемлекеттік қордан – 132 миллиард теңге бөлініп, 1,6 мыңнан астам жоба іске асырылды. Яғни Үкімет тарапынан қаржыландыру мәселесі толығымен шешілді.
«Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 34 қала мен 756 ауыл орталық су жүйесімен қамтылды. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен 699 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылды. Салыстырмалы түрде, 2021 жылы ауыл халқының 90 пайызы және қала халқының 97,5 пайызы сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізді. Осылайша, жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысының тапсырмасы толық орындалып, еліміздегі 90 қала мен 7,5 миллион тұрғыны бар 6 087 ауыл ауыз сумен 100% толық қамтамасыз етіліп отыр», - деді Қажкенов Үкімет отырысында.
Оның ішінде:
19 елді мекенде шалғай орналасуына және су көздерінің болмауына байланысты ауыз су тасымалдау арқылы жеткізіледі.
Аталған елді мекендерде орта есеппен 70 адамнан тұрады.