Нұр-Сұлтанда ауқымды көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр
Елордада 113 мыңнан аса шаршы метр гүлзар отырғызылды
Жаз маусымы басталғалы қала аумағында 6,5 мыңнан астам ағаш отырғызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Соңғы жылдары қысы қатал әрі ұзақ, жазы болса тым қысқа климатты және флорасы да аз астанада түрлі ағаштар жерсініп, өсіп жатыр. Өсімдіктердің жерсінуі мен оларды бейімдеу жұмыстарымен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарайтын «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС айналысады.
«Көктемнің келуімен елордада дәстүрлі ағаш отырғызу басталып, бүгінгі таңда 6 546 көшет отырғызылды. Жұмыс қаланың барлық аудандарында жалғасуда. Жалпы, биыл біз 30 мың ағаш пен 6 миллион гүл отырғызуды жоспарлап отырмыз», – деп хабарлады «Астана-Көгалдандыру құрылысы» ЖШС.
Биыл елорданың орман алқабы қарағай, сібір шыршасы, көк шырша, балқарағай, шегіршін, емен, жөке, арша, сирень, қайың, шаған және басқа да ағаштармен байытылды. Сонымен қатар жыл басынан Нұр-Сұлтанда 113 мыңнан аса шаршы метр гүлзарлар отырғызылды. Сондай-ақ қала айналасында жалпы аумағы 14 827 гектарға ұласқан «жасыл белдеу» бар. Жасыл белдеудің жапырақты тұқымдарының үлесі – 98,2%, қылқан жапырақты тұқымдардың үлесі – 1,8% құрайды.