Компания қандай мамандар керек екенін жариялаған
Астанадағы LRT желісіне біраз мамандар қажет. Компания бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қажетті мамандардың тізімін жариялаған, деп жазады Azattyq Rýhy.
Айта кетерлігі, бұл мамандар жұмыс беруші есебінен 4 ай тегін оқып, біліктілігін арттыра алады. Ең бастысы, жұмыс істегісі келген адамның арнаулы немесе жоғары білімі, тиісті мамандық бойынша 1 жылдан 3 жылға дейінгі жұмыс тәжірибесі болу керек.
Сонымен, LRT жүйесіне керекті мамандар тізімі:
Ғимараттар мен күзет аймағын күтіп ұстау қызметі:
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі:
Мүлікті басқару бөлімі:
Кешенді басқару бөлімі:
Жылжымалы құрамды жөндеу бөлімі:
Басқару және байланыс жүйелері қызметі:
Электрлік-механикалық қызмет:
Жолдар мен құрылысжайларды пайдалану қызметі:
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
«Біз жұмыс берушінің есебінен 4 ай оқытып, біліктілікті арттыру бағдарламасыз ұсынамыз. Оқу Астана қаласында Жұмыс берушінің есебінен өтеді. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми түрде жұмысқа аламыз. Оқыту кезеңінде бес күндік жұмыс аптасы көзделген. Жұмысқа орналасқаннан кейін лауазымына байланысты бес күндік немесе ауысымдық жұмыс кестесі беріледі. Түйіндеме CTS-тің ресми сайты арқылы қабылданады. Қосымша сұрақтар бойынша +7 (7172) 577 177 (ішкі 102, 207) нөміріне хабарласуға болады», - деп хабарлайды компания.