Шығыста күн 3 градусқа дейін жылынады – демалысқа арналған ауа райы болжамы

Автор: Бақыт Шынар

«Қазгидромет» 10-12 қаңтар аралығындағы болжамын жариялады

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» алдағы демалыс күндеріне, 10-12 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

10 қаңтардан бастап Қазақстанның батысы, солтүстік батысы, орталығы, л, 11-12 қаңтардан бастап елдің шығысында аздаған қар жауып, жаяу жел соғады деген болжам бар. Бұл күндері елдің басым бөлігі жылынады.

«11 қаңтар күні Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында қалың қар жауады. 10-12 қаңтар күндері елдің оңтүстігінде, ал, дәл 12 қаңтар күні елдің оңтүстігінде жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. 11 қаңтарда солтүстік пен орталық, ал, 12 қаңтарда елдің шығысында ауа температурасы -3 градустан +3 градусқа дейін жылынады», - деп хабарлайды «Қазгидромет».