Олар 31 желтоқсан күні түнгі сағат 00:0-де пойызда келе жатады
Биыл, 2025 жылдың 31 желтоқсаны мен 2026 жылдың 1 қаңтарына қараған түні Қазақстанда шамамен 50 мың адам мерекені пойызда қарсы алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы «Қазақстан Темір жол» компаниясының баспасөз қызметінен хабарлады. Дереккөзге сүйенсек, Жаңа жыл түні теміржол қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істейді.
«Жаңа жылдың алдында жүк қозғалысының 1 685 машинисі, 357 жолаушылар пойызының машинисі және 698 шаруашылық және маневрлік қозғалыс машинисі түнгі кезекшілікке түседі. Теміржол вокзалдарында мереке күндері «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 122 билет кассасы, оның 40-ы 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні ашық тұрады», - деп хабарлайды «ҚТЖ»-ның баспасөз қызметі.