Қазақстанда тас жолдардың жабылғанына байланысты қосымша пойыздар қатынайды

Автор: Нұргүл Абай

Ауа райының қолайсыздығынан бірнеше өңірде трассалар жабылған

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

«Қазақстан темір жолы» компаниясы қолайсыз ауа райынан тас жолдарда қозғалыс уақытша шектелгеніне байланысты жолаушыларды тасымалдау үшін 13 қала маңы пойызын іске қосты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жолаушыларды тасымалдау үшін мына пойыздар қатынайды:

Астана – Павлодар бағыты бойынша:

  •  №7502 Астана – Павлодар
  •  №6832 Астана – Павлодар

Павлодар – Астана бағыты бойынша:

  •  №7501 Павлодар – Астана
  •  №7509 Павлодар – Астана

Астана – Жалтыр / Атбасар бағыты бойынша:

  •  №6804 Атбасар – Астана
  •  №6831 Астана – Жалтыр

Астана – Көкшетау бағыты бойынша:

  •  №7515 Астана – Курорт Бурабай
  •  №6830 Көкшетау – Астана
  •  №7508 Көкшетау – Астана
  •  №7516 Курорт Бурабай – Астана

Астана – Қарағанды бағыты бойынша:

  •  №6858 Астана – Қарағанды
  •  №6856 Астана – Қарағанды

Қарағанды – Астана бағыты бойынша:

  •  №7553 Қарағанды – Астана.

ҚТЖ жолаушыларды сапарларын жоспарлау кезінде ауа райын ескеруге шақырды.

Тегтер: