Еңбек министрлігі 2026 жылы Қазақстанға неше қандас көшіп келе алатынын айтты

Автор: Бақыт Шынар

Әр өңірге жеке-жеке квота белгіленіп отыр

Фото: gov.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастар мен ел ішінде қоныс аударатындардың 2026 жылға арналған өңірлік квотасы 8 278 адам деп белгілеген. Бұл туралы министрліктің ресми сайтында жазылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Осылайша, келесі жылы Қазақстанның мына өңірлеріне:

  • Павлодар облысы – 977 адам;
  • Ақмола облысы – 285 адам;
  • Абай облысы – 264 адам;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 200 адам;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 200 адам;
  • Қостанай облысы – 200 адам;
  • Атырау облысы – 125 адам;
  • Батыс Қазақстан облысы – 30 адам қандас ретінде көшіп келе алады.

Ал ел ішінде қоныс аударатындардың квотасы төмендегідей:

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 2 820 адам;
  • Павлодар облысы – 1 655 адам;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 600 адам;
  • Қостанай облысы – 485 адам;
  • Абай облысы – 275 адам;
  • Ұлытау облысы – 125 адам;
  • Қарағанды облысы – 37 адам.