Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі
5 шілдеден бастап елордада қоғамдық көлік қозғалысы шамамен екі аптаға тоқтатылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі City Transportation System (CTS) компаниясына сілтеме жасап.
«Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, 5 шілдеден бастап қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады (шамамен екі аптаға). Қоғамдық көлік қозғалысының қайта жандануы туралы қосымша хабарлаймыз. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізілетін болады», - деп жазылған хабарламада.
Жол жүру тарифтеріне қатысты ақпарат карантин аяқталып, қоғамдық көліктің жандануы белгілі болған кезде хабарланады.