Мәжіліс Сенат енгізген түзетулермен келісті
Парламент Мәжілісі Қазақстанның Құрылыс кодексін қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов кодекс жобасы 2 жылға жуық Парламентте қаралғанын атап өтті.
«Биылғы жылдың ең маңызды заң жобасы деп айтуға болады. Себебі, бүкіл қоғамға қатысы бар. Құжат жан-жақты талқыланды, әртүрлі мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, қауымдастықтармен, бизнес өкілдерімен ақылдастық. 2 200-ден астам ұсыныс берілді. Негізінен 60-70 пайызы өзгертілді. Ең басты мақсат – заң азаматтардың құқығын қорғауы керек», - деді Әбенов Мәжілістің жалпы отырысында.
Оның айтуынша, Сенат негізгі заң бойынша 27, ілеспе заң бойынша 2 ұсыныс берген.
«Бұл ұсыныстардың барлығы, негізінен, нақтылау және жақсарту деп қараймыз», — деді Әбенов.
Осылайша Мәжіліс Құрылыс кодексіне Сенат енгізген түзетулермен келісіп, оны қабылдады.