Маңғыстауда 1040 дәрігер қазан айының жалақысын желтоқсанда бір-ақ алған

Автор: Бақыт Шынар

Оның өзінде де іске прокуратура араласқан

Фото: freepik.com

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық ауруханасының 1040 қызметкері қазан айының жалақысын алмаған. Іске прокуратура араласқан соң жұмыс беруші жалақыларын толық өтеп берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

Аймақтық прокуратураның мәліметіне сүйенсек, аудандық ауруханадағы тексеріс дәрігерлердің еңбек қатынасындағы құқықтары бұзылғанын анықтаған.

«Прокуратура қадағалау актісін енгізген соң қызметкерлерге 273 млн теңге жалақы төленді», - деп хабарлайды прокуратура.