Белгілі ғалым Рәбиға Сыздық қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 96 жасында көз жұмды

Фото: ашық дереккөзден

ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздық 96 жасында дүниеден озды. Бұл туралы А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Бүгін түнде қазақ тіл білімінің абыз анасы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық дүниеден өтті. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Рәбиға Сәтіғалиқызы отбасының қайғысына ортақтасып көңіл айтады», - деп хабарлады институт Facebook желісінде.

Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздық – филология ғылымдарының докторы, профессор, Түрік Тіл қоғамының корреспондент-мүшесі, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҒА-ның Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері. Ол 1924 жылы 17 тамызда Ақтөбе облысы, Ойыл қалашығында туған.