Кейбір өңірлерде күн райы құбылмалы болады
«Қазгидромет» демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. 20-22 желтоқсан күндері Қазақстанның солтүстік өңірлеріне 33-35 градус аяз келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұдан өзге, республика бойынша күн райы құбылып, көп жерде қар жауады, боран соғады. Дәлірек айтсақ, Қазақстанның солтүстік-батысына, солтүстігіне, шығысына және орталығына қалың қар түседі.
«Осы күндері Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 0–5 градустан 18–30 градусқа дейін суытады. Ал Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 33–35 градусқа дейін аяз болады деген болжам бар», – деп мәлімдеді «Қазгидромет» өкілдері.