Бұл туралы ІІМ мәлім етті
Алматыда жаңа туған нәрестелерді сатуға қатысты 20-дан астам қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ішкі істер министрлігінің «STOP-трафик» шарасының аясында адам саудасына қатысты бірқатар ауыр қылмыстар әшкере болған.
Дәлірек айтсақ, полиция еліміздің бірқатар өңірлерінде адам саудасына қатысты 39 факт тіркелген екен.
«Оның алтауы кәмелетке толмағандарға қатысты. Алматы қаласында жаңа туған нәрестелерді сату фактілеріне қатысы бар қылмыстық топ әшкереленді. Ұйымдастырушылар ақшадан қысылған жас әйелдердің сәбиін сыйақы үшін сатып алып, бөтен адамдарға берген», - деп хабарлайды ІІМ.
Сәби саудасына қатысты қылмыстарға қатысы бар күдіктілердің бәрі ұсталған. Жалпы, 20 қылмыстық іс тергеліп жатыр.