Тіс емханасында көз жұмған: Қазақстанда «Севоран» препаратын пайдалануға тыйым салына ма
Севоран медицинада кеңінен қолданылады, дейді министр
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанадағы тіс емханасы клиникасында қайтыс болған үш жасар қыздың қазасынан кейін «Севоран» препаратын пайдалануға тыйым салына ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, «Севоран» мен баланың өлімі арасында тікелей байланыс қазіргі уақытта анықталмаған.
«Тиісті сот-медицина сараптамасы жасалды. «Севоран» жалпы балалар практикасында, соның ішінде анестезиологияда және гематологияда кеңінен қолданылады. Бүгінге дейін медициналық ұйымдар тарапынан осы дәрілер тобына қатысты қандай да бір жанама әсері туралы ресми мәлімдемелер түскен жоқ. Сондықтан Қазақстанда тек түпнұсқа препарат қолданылады. Менің ойымша, тергеу қорытындысы шыққаннан кейін бұл мәселе нақты айқындалып, содан соң тиісті шешім қабылдаймыз», - деді Әлназарова Мәжіліс кулуарында.
Естеріңізге салайық, Астанадағы Dent-Park клиникасында дәрігерлер 3 жасар қыздың тісін ұзақ уақытқа ұйықтатып тастап емдеген. Бүлдіршін анестезиядан кейін оянбай, көз жұмған. Қазір қылмыстық іске байланысты сот процесі жалғасып жатыр. Марқұмның әкесі Талғат Құмаров 2024 жылы 30 қазанда қызының тісін «Севоран» препараты арқылы анестезиямен емдеткенін айтты.