Маңғыстауда 8-сынып оқушысы өкпені жасанды желдету аппаратын қолдан құрастырды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол хал үстінде жатқан атасының өмірін құтқарып қалмақ болған

Маңғыстау облысының тұрғыны Рахат Тұрғанов жуырда әкесінен айрылды. Қария пневмониядан көз жұмған. Марқұмның өмірін сақтап қалу үшін оның 8-сыныпта оқитын немересі өкпені жасанды желдету аппаратын қолдан жасаған, деп жазады inaktau порталы.

Туыстарының айтуынша, 67 жастағы зейнеткер осыдан бірнеше күн бұрын ауырып, ауруханаға түскен екен. Дәрігерлер оның өкпесі екіжақты қабынғанын айтқан. Біраз уақыт емдеу шараларын жүргізгеніне қарамастан, ер адамның жағдайы нашарлап, ақыры оны үйіне қайтарыпты.

«Оның жағдайы тым ауыр болды. Біз оны үйге әкелгеннен кейін бәрібір өмірі үшін күресеміз деп шештік. Көмекке інімнің ұлы Ислам келді, ол интернеттен қарап өз қолымен өкпені жасанды желдету аппаратын жасап шығарды. Жалпы, ақылды бала, қазірдің өзінде әкесіне көлік жөндеп көмектеседі», - дейді Рахат Тұрғанов.

Баланың жасаған аппараты науқастың өмірін тағы бірнеше күнге ұзартқанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады. Жуырда зейнеткер пневмониядан ақыры қайтыс болды.