Шымкенттегі ең соңғы соғыс ардагері бақилық болды

Автор: Бақыт Шынар

Мұратәлі Төлепбергенұлы 1925 жылы туған

Фото: otyrarkz

Шымкент қаласында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Мұратәлі Төлепьергенов 100 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Марқұм Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, Шымкент қаласында тұрып жатқан ең соңғы соғыс ардагері еді. Мұратәлі Төлепбергенов Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, «Ерлігі» үшін марапатталған.

Айта кетейік, қазір Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлердің саны 100 адамға жетпейді.