«Ақ жол» партиясының өкілдері Нұр-Сұлтандағы сайлаушыларымен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Кездесуде әлеуметтік саладағы өзекті мәселелер сөз болды

Бүгін «Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы сайлауышыларымен кездесті. Бұл жол кездесу Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Партия атынан Мәжіліс депутаттағына үміткерлер азаматтармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ақжолдықтардың айтуынша, әлеуметтік әділеттілік және ел азаматтарының қадір-қасиетіне деген көзғарасы білім беру мен медицина сапасымен, тұрғын үй, лайықты жұмыстың қолжетімділігімен айқындалады. Осы салалардың әрқайсысы қаржыландырудың жетіспеушілігі мен жемқор шенеуніктердің ұрлығынан зардап шегуде.

Қазақстан сияқты бай елде ел заңдары, үкімет пен уәкілетті мемлекеттік органдар ата-аналар балаларын емдеу үшін ақша жинап, ал аналары түнде жұмыс істеуге және балаларын қараусыз қалдыруға мәжбүр ететін жағдайларға жол берілмеуі тиіс. Әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету үшін партия белсенділері елде бірнеше шара қолға алынуы керек деген сенімде. Оған мысал:  ипотека, тұтыну тауарлары үшін, шағын және орта бизнес пен халықтың тұтыну қажеттіліктері несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерін  7-8 пайыздан аспайтын болуы керек. Адамдар мен олардың балаларын коллекторлардан қорғау үшін – «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң қабылдануы керек. Кедейлікке ұшыраған қарыз алушылардың жалғыз баспанасы мен әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы қамтамасыз етілу тиіс.