Алматыда партия өкілдерінің бірқатар кездесуі өтті
30 желтоқсан күні Алматы қаласында «ADAL» партиясынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер Алина Асқарова, Ақмарал Бекмұрзаева, Олжас Ордабаев, Нұрлыбек Малелов, Мақсат Толықбай, Дәулет Мұқаев, Ләззат Шыңғысбаева, сондай-ақ партия өкілі Нұрлыбек Мұқановтардың тұрғындармен кездесулері өтті.
Сағат 11:00-де «ADAL» саяси партиясының кеңсесінде Алматы қаласының белсенді жастары мен Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары, студенттерімен онлайн-жиын ұйымдастырылды. Спикерлер Алина Асқарова, Ақмарал Бекмұрзаева және Олжас Ордабаев болды. Кездесуге қатысушылар партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпарат алып, бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.
Шара барысында Олжас Ордабаев білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы айтты.
«Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінен бастап, мұғалімдердің жалақысын арттыру мәселесі өте өзекті күйінде тұр. Біз білім берудің барлық деңгейлерінде мұғалімдердің жалақысын арттыру мүмкіндіктері бойынша жұмыс істеуді жалғастырамыз. Бірақ бізге сіздрдің көмектеріңіз керек! Біздің қатарымызға қосылып, сайлауда бізге дауыс беру арқылы «ADAL» партиясына қолдау көрсетіңіз», - деді Олжас Ордабаев.
Оқу орнының оқытушылары мен студенттерімен кездесуді депутаттыққа кандидат Нұрлыбек Малелов пен партия өкілі Нұрлыбек Мұқанов өткізді. Кездесуге қатысушылар партияның білім беру жүйесін реформалау жөніндегі ұсыныстарын да жоғары бағалады.
Үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары мегаполистің ірі базарлары мен сауда нүктелерінде жалғасты. Депутаттыққа кандидаттар Мақсат Толықбай, Дәулет Мұқаев және Ләззат Шыңғысбаева шағын бизнес өкілдерімен кездесті. Базар қызметкерлері «ADAL» партиясының мақсаттары мен міндеттері туралы ақпаратты тыңдады. Қызу пікірталастар жұмыспен қамту және медициналық сақтандыру мәселелерінен туындады. Кездесулер барысында тұрғындар партияның елдегі кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұсыныстарын қолдайтындарын жеткізді.
«Біз мұнда сатушының немесе жұмыс орны иесінің өзі тастап кете алмайтын жұмыс орны екенін түсінгендіктен келдік. Іс жүзінде сіздер жұмыс орнынан шыға алмайсыздар. Сондықтан сіздердің шетте қалмауларыңыз үшін, осы саяси науқанға белсенді қатысуларыңыз үшін біз арнайы осындай кесте жасадық», - деді Ләззат Шыңғысбаева.