«Ауыл» партиясының үгіт тобы Өскемендегі компания ұжымымен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Сондай-ақ Абай кесенесіне барды

28 желтоқсан күні Мәжіліс депутаттығына кандидат Рабиға Тоқсейітова мен Шығыс Қазақстан облысының мәслихатына үміткер Фарид Әбітаев бастаған «Ауыл» партиясының үгіт тобы Өскемендегі «Астана-Бизнес» ЖШС ұжымымен кездесу өткізіп, Абай кесенесіне барды.

Кездесу барысында Рабиға Тоқсейітова мен Фарид Әбітаев «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі айтып, азық-түлік қауіпсіздігі туралы заң жобасына ерекше тоқталды.

«Ауылдықтардың» айтуынша, экспортты игеруге ұмтылатын кез келген отандық кәсіпорын елдің ЖІӨ-нің өсуіне ықпал етеді, ал бұл өз кезегінде ұлттық валюта мен инфляция деңгейін тұрақтандыруға алып келеді.

Азық-түлік қауіпсіздігі туралы заң жобасын қабылдау ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамытуды белсенді ынталандыруды және атаулы топқа атаулы қолдау көрсетуді көздейді.

Ф.Әбітаев сөзінде статистикадан кейбір мәліметтерді келтірді. Мәселен, 2011 жылмен салыстырғанда 2019 жылы Қазақстандағы экспорттың жалпы көрсеткіші 84 млрд-тан 58 млрд АҚШ долларына дейін төмендеді. Осындай төмендеу аясында АӨК өнімдерінің экспорты 1,8 млрд-тан 3,2 млрд АҚШ долларына дейін (немесе экспорттың жалпы құрылымындағы үлестің 5,65%-ы) тұрақты өсуін көрсетіп отыр. Мұндай салыстыру ауыл шаруашылығы өнімі әлемдік нарықта әрдайым сұранысқа ие болатынын және өзінің АӨК экспорттық әлеуетін дамыту жағдайында Қазақстан айқын жол аша алатынын айқын көрсетеді.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдері экспорты көлемінің өсуіне қарамастан АӨК саласы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысының деңгейі өте төмен болып қалуда – 301,4 АҚШ доллары. 2010-2019 жылдары бұл көрсеткіш Қазақстан бойынша орташа айлық жалақымен салыстырғанда 38,2-53,0%-ға төмен.

Партия бұл жағдайды экспорт көлемінің жеткіліксіздігімен байланыстырады. Аграрлық саладағы әлемнің жетекші елдерінде АӨК өнімдерінің үлесінің жалпы көлемі 20-дан 40%-ға дейін экспортталады, ал бізде бұл көрсеткіш 6%-дан аз. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен тұрақты экспортпен айналысатындар арасындағы еңбекақы деңгейі соңғыларының 17%-ға жоғары төлейтінін көрсетеді.

Анықтама:

«Астана-Бизнес» ЖШС 2000 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыты ауыл шаруашылығы өнімдерін және оны қайта өңдеу өнімдерін экспорттау болып табылады. Компания ауыл шаруашылығы химиясын сатумен, майлы дақылдар өндірумен және сүт өнімдерімен айналысады.

«Астана-Бизнес» ЖШС-мен кездесуден кейін үгіт-насихат тобы Абай кесенесіне барды. Абай Құнанбаевқа құрмет Ұлы Ақынның 175 жылдығына орайластырылды. Рабиға Тоқсейітова Абай халық бірлігі идеясының белсенді жақтаушысы болғанын атап өтті.

«Оның шығармалары еліміздің ғана емес, әлемнің мәдени мұрасының дамуына үлкен үлес қосады. Абай Құнанбайұлы әрқашан ұлтты біріктіруге және әділ қоғам құруға шақырды. «Ауыл» партиясы да осындай қағиданы ұстанады», - деп түйіндеді Р.Тоқсейітова.

Сондай-ақ, бүгін Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Т.С. Рақымбеков, З. Әліпбек Бас редакторлар клубының мүшелерімен онлайн-режимде кездесу өткізді. Кездесуде ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерін БАҚ-та жариялау мәселелері талқыланды.

Қостанай облысында облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар АӨК саласындағы жетекші кәсіпкерлермен онлайн кездесу өткізіп, оларға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Ақмола облысында облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына үміткерлер «Kaz Tech Селмаш» ЖШС жұмыс ұжымымен кездесті.