Ассамблея атынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізімі бекітілді

Автор: Azattyq Rýhy

Оның қатарында Қордай ауданы Сартөбе ауылдық округінің әкімі де бар

Сауытбек Әбдірахманов, VI шақырылымдағы Мәжіліс депутаты

Орталық сайлау комиссиясының бүгінгі отырысында Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесі ұсынған Мәжіліс депутаттығына үміткерлерді тіркеу мәселесі қаралуда:

  • Қазақстан халқы ассамблеясының шешімімен Мәжіліс депутаттығына үміткер 9 адам ұсынылды:
  • Сауытбек Әбдірахманов – VI шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;
  • Аветик Амирханян – БҚО «Масис» армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
  • Ильяс Буларов – Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе ауылдық округінің әкімі;
  • Наталья Дементьева – Көкшетау қаласы білім бөлімінің «Техникалық лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
  • Юрий Ли – «Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы;
  • Вакиль Набиев – «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті;
  • Шамиль Осин – «Шығыс» фермерлік шаруашылығының басшысы;
  • Владимир Тохтасунов – «ЖетісуОблГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры;
  • Абилфас Хамедов – «Әзірбайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Отырыста Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан депутаттыққа үміткерлерді тіркеу туралы хаттама бекітілді.